Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ
20
маусым
2025

Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ

Бос лауазымға конкурс жариялау бойынша
ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс жариялаған білім беру ұйымының толық атауы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бухгалтердің бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған бос лауазымының атауы:
Бухгалтер (1 ставка)
Конкурс жарияланған күн: 20.06.2025 ж.
Орналасқан жері: ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, Самат Муканов көшесі – 1Б
Электрондық пошта мекенжайы: bozanbai.sh@mail.ru
Индекс: 071602
Телефон нөмері: 8 (723) 3821- 681
Лауазымдық міндеттері
мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн (негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнімді сату шығындарының, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін, өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргiзу жөнiндегi жұмысты орындайды;
бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша бастапқы құжаттаманы кабылдау мен бакылауды жүзеге асырады және оларды есептік өндеуге дайындайды;
негiзгi қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетедi;
өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзiндiк құнына есептiк калькуляция жасайды;
шығындар мен өндірістік емес шығындардың құралу көзін анықтайды және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
бюджетке төленетін салық және мiндеттi төлемдердi, зейнетақы аударымдары мен салық туралы заңнамаға сәйкес төлемдердi және басқа да міндеттемелерді, күрделi салымдарды, жұмыскерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеудi және аударуды жүргiзедi;
басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды есептің тиiстi бағыттары (учаскелерi) бойынша салыстырмалы және дәйекті бухгалтерлiк ақпаратпен қамтамасыз етедi;
шоттардың жұмыс жоспарын (бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын) әзiрлейдi;
есеп жүргізудің және бухгалтерлiк ақпаратты өндеу технологиясының негізгі тәсiлдерi мен әдiстерiнің мазмұнын айқындауға қатысады;
ішкi шаруашылық резервтердi анықтау, үнемдеу режимі мен құжат айналымын жетiлдiру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлiк есеп пен есептілік деректерi бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жургізуге, ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
есептілік жасау үшiн бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша деректер дайындайды;
бухгалтерлiк құжаттардың сақталуын қадағалайды;
бухгалтерлiк ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жургізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды;
мiндеттердiң не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысады;
экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
Бiлуге тиiс:
Қазақстан Республикасының еңбек және бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн;
мүлiктiң, мiндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды және есептілік жасауды;
ұйымдағы бухгалтерлiк есептің нысандары мен әдicтерiн;
шоттардың жоспары мен хат-хабарын;
бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжаттаманы ұйымдастыруды;
құжаттамалық ресімдеу және негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсету тәртібін;
ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістерін;
есептеу техникасын пайдалану қағидаларын;
экономиканы, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, шаруашылық жүргiзу әдiстерiн;
Қазакстан Республикасынын еңбек туралы заңнамасының негiздерiн;
еңбек қауіпсіздігі мен енбекті қорғау қағидалары мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы-экономикалық білім), жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
біліктілігі орта деңгейдегі маман:
техникалық және кәсіптік (қаржы-экономикалық) (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық жалақы мөлшері: 180 000 теңгеден 215 000 теңгеге дейін.
Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық білім) мен бірінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық білім) мен екінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қаржы - экономикалық білім) мен санаты жоқ бухгалтер лауазымындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
біліктілігі орта деңгейдегі маман:
жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) білім мен бірінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) білім мен екінші санатты бухгалтер лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (қаржы - экономикалық) білім мен санаты жоқ бухгалтер лауазымындағы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Нысан бойынша өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары);
4. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі(бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген.) бекітілген нысан бойынша денсаулық бойынша анықтама;
7. Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымынан анықтама;
9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
10. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12. тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны:
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бозанбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні- 27.06.2025 ж.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8723-38-21-681, электрондық пошта: bozanbai.sh@mail.ru, bozanbai_om@mail.kz