1 қазан Қарттар күнімен педагог-ардагерлерді кұттықтау » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қазан Қарттар күнімен педагог-ардагерлерді кұттықтау
28
қыркүйек
2023

1 қазан Қарттар күнімен педагог-ардагерлерді кұттықтау

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең,ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтау мақсатында 28.09.2023ж Бозанбай орта мектебі ардагер ұстаздарымызға арнап мерекелік кеш өткізді. Оқушыларымыз аяулы ардагер ұстаздарымызға арнап өнерлерін көрсетіп,жылы тілектерін білдірді. 
Іс-шара мақсаты: оқушалардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге,өз ата-бабасын есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.