Қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі апталығы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі апталығы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары
19
қыркүйек
2022

Қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі апталығы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары


2022-2023 оқу жылында  қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі апталығы аясында өткізілетін іс-шаралар   қорытындысы

     19,09-29,09 қыркүйек аралығында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі, әдебиеті әдістемелік бірлестігінің апталығы өтті. Апталық тізіліспен оқушылардың екі тілде өлеңдер оқуымен ашылып, апталықтың жоспары таныстырылды.

      Апталықтың алғашқы күнінен бастап « Тіл-ел байлығы» тақырыбы бойынша 5-10 сыныптар арасында эссе,толғау, шығармалар байқауы жарияланған.   Бұл шараға әдістеме жетекшісі Бақыт Амангул және пән мұғалімдері сонымен қатар оқушылар жауапты болды.

 Кітапханашы Абсейтова Б.М «Дәуірдің дара тұлғасы» М Әуезов 125жыл,  А Байтұрсынов 150 жыл   мерей тойына орай кітап көрмесін жасап, оқушыларын кітапханамен таныстырып, қандай көркем кітаптар оқу керектігіне кеңес берді.

     Жоспар бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімі Серік С   9 «ә» сыныбында Серік Салтанат 9 «Ә» сыныбында Әнет баба "Не арсыз Не ғайып Не даусыз" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сәлемдесуден соң оқушылардың түгел отырғанына көз жеткізіп, көңіл-күйін сұрап, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін бір-біріне тілек білдіріп, сабағын бастады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында бір-біріне сұрақ қойып және мұғалімнің сұрағына жауап бергенді мұғалім ҚБ-мен ынталандырды. 

    Негізгі кезеңде мұғалім оқу мақсаттарымен таныстырып шықты.  Оқушыларға демонстрациялық экран арқылы   бейнематериал көрсетілді. Алғашқы тапсырма Әнет баба "Не арсыз Не ғайып Не даусыз" бойынша кітаппен жұмыс болды. Оқушылар дескриптор арқылы бағалады. Дескриптор экранда жазылып тұрды, мұғалім дауыстап оқып берді.

     Екінші тапсырмада сызба берілді. Сызба бойынша оқушылар Әнет баба  ойының сол заман мен бүгінгі күндегі өзектілігіне баға берді. Әр оқушы сол тірек сөзден мағыналы сөйлем, шамасы жеткенше ойын қорытып, айтып беруі керек еді. Әр оқушы тапсырманы шама-шарқы жеткенше жылдам, әрі сапалы орындады. Дескриптор экранда жазылып тұрды, мұғалім дауыстап оқып берді.   Сабақ соңында мұғалім тақырыпты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын «Еркін микрофон» әдісі арқылы тыңдады. Оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалады. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша сабаққа қатысу белсенділігі бағаланды. 

      Адилова Д.К   5 «б» сыныбында «Песнь о вещем Олеге» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы анық, ойластырылған, Сабақтың кезеңдері бір-бірімен жақсы байланысты болды. Сабақтың негізгі кезеңдері: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Міндеттерді қою және оларды іске асыру жолын түсіндіру. 2. Поэманың идеясымен танысу; көркем және бейнелеу құралдарымен, сыншылардың кейіпкердің мінезі туралы пікірлерімен. - Оқушылардың сөз сөйлеуі. 3. Өлеңнің негізгі тарауларын сұрақ-жауап түрінде аналитикалық оқу. Лирикалық шығарманы талдауға үйрету. 4. Өткенді бекіту-оқушылар тақтаға жазылған сұрақтарға жауап беретін кезең. 5. Сабақты қорытындылау, бағалау. 6. Үй тапсырмасы. Жұмысты қорытындылау барысында мұғалім әр оқушыға баға берді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде оқушылардың білім сапасы: "5"- 3, "4" - 3, "3" - 1.Әр кезеңге бөлінген уақыт дұрыс реттелген. 

Бекбосынова А. Р 7 «А» сыныбында «Типы речи» тақырыбында орыс тілі пәнінен ашық сабақ жүргізді. Сабаққа 15 оқушы қатысты. Сабақтың барлық кезеңдеріне бөлінген уақыт ұтымды пайдаланылды. Сабақтың құрылымдық элементтері өзара байланысты, барлық кезеңдер сақталады, бір кезеңнен екінші кезеңге логикалық көшу жүзеге асырылады. Сабақтың мазмұны жаңа стандарттардың талаптарына сәйкес келеді. Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырушылық сәті мен өзін-өзі анықтауы студенттердің алдағы оқу іс-әрекетіне жағымды эмоционалды көңіл-күйін қамтыды, сабаққа саналы түрде кіруді қамтамасыз етті. "Жетіспейтін білім" әдісін қолдана отырып, оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін жағдай жасалды.  Сабақта белсенді оқыту технологиясындағы зерттеу әдісі мектеп оқушыларының жаңасына деген қызығушылығының пайда болуына ықпал етті. Алынған білімді игеруді бақылау сұрақ-жауап түрінде және өзін-өзі бағалау түрінде жүзеге асырылды.

      Сабиева Т.Н 6«А» сыныбында  Біріккен сөздердің емлесі  тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жүргізді. Сабақ үй тапсырмасын әр түрлі әдістермен қайталап, сөзжұмбақпен қорытындылай отырып, жаңа сабақты бастады. Мұғалім қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта жұптық , топтық жұмыстар жүргізу барысында , жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді . Сабақ мақсатына жетіп, қызықты өтті.

     Дәулет М 6«а» сыныбында «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл» («Аяз би» ертегісі) тақырыбында  ашық сабақ өткізді.     Оқушыларды     түстер арқылы топтарға бөліп, өз араларында топ басшысын сайлап, топ ережесін түсіндірді. Әрі қарай «Бұл жауап болса, сұрақ қандай болды?» әдісі арқылы оқушылардан өткен тақырып сұралды, «Болжау» стратегиясы арқылы мақал-мәтелдерді пайдалана отырып сабақтың тақырыбын анықтады. Тақырып анықталғаннан кейін тапсырмалар бойынша бірінші жеке жұмыс жасалады, мұнда «Эссе» әдісі   әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлеммен қағаз бетіне түсіреді. Екінші тапсырма «Аяқталмаған мақал» әдісі арқылы   аяқатлмаған мақал-мәтелдерге тиісті сөздерді орнына қойып жазу және астарлы, тура мағынасын екі бағанда бөліп жазды, негізі бұл жерде дәптерге орындап барып, тақтамен жұмыс болды, бұл жерде жұптық бағалау жүргізілді,  жұптар бір-бірін дескриптор арқылы тексерді. Үшінші тапсырмада топтық жұмыс «Кластер» тәсілі қалды, экранға мәтін берілді, оқушылар топта  жұмыс жасады. Бұл  тапсырманы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланды.

   Бақыт .А  9 «А» сыныбында Қазыбек би "Кім жақын, Не қымбат, Не қиын" 

 тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ жүргізді.    Сабақ музыка арқылы қимылмен топқа бөлінді. Мұғалім сабақта жаңа стратегиялардың бірнеше түрін қолданды    Сабақ өте қызықты, жақсы өткізілді. Сабақта «Сұрақтар шеңбері» әдісі , «Кім?Қайда?Қашан?» ойыны ойнатылу арқылы әңгіменің мазмұнын ашты. Постер жасату арқылы жазушының өміріне тоқталды. Сабақта түрлі әдеби теориялық талдаулар жасатылды, кейіпкерлерді жан – жақты талдап шығармашылық жұмыспен айналысты. Сабақты «Синквейн» әдісі арқылы қорытындылап, оқушылар өздерін кейіпкерлер арқылы бағалады. Сабақ өте жақсы өтті.