«Бозанбай орта мектебі » КММ жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама » "Бозанбай орта мектебі" КММ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бозанбай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72338) 2-17-12
Есепші бөлімі:
+7(72338) 2-17-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Бозанбай орта мектебі » КММ жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама
19
қаңтар
2021

«Бозанбай орта мектебі » КММ жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама

Сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауын жүргізу мақсатында «Бозанбай орта мектебі» КММ жанынан келесі құрамдағы жұмыс тобы құрылды (бұйрық № 2/30 от 24.12.2020 ж.) :
Жұмыс тобының басшысы: Боксенова М.К

Жұмыс тобының мүшелері: Журкабаев М.Х
Тойбазарова Г.А
Усольцева С.А
Бакешов Т.Р.

Талдау түрі:«Бозанбай орта мектебі» КММ жұмысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдаудың мақсаты мен міндеттері: сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің себептерін анықтау.
Талдау мерзімі: 2020 жылдың 24 желтоқсан – 26 желтоқсан аралығы .
«Бозанбай орта мектебі» КММ штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің 78 бірлігі қарастырылған.
2020 жылдың 1 қаңтарынан – 2020 жылдың 31 желтоқсан айына дейін нақты саны 77 бірлігі қарастырылған, бос лауазымдық орын – 1 .
Барлық педагогикалық кадрлар қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан – 2020 жылдың 31 желтоқсан айына дейін еңбек тәртібін бұзғандар жоқ, жұмыстан шыққан қызметкер- 5. Жағымсыз қылықтармен жұмыстан босатылғандар, лауазымы бойынша төмендегендер, алмастырулар болған жоқ. Бұрын жемқорлық құқықбұзушылық жасаған, қылмыстық іс жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау болған емес.
Мектеп қызметкерлерін біліктілігін арттыру курстарына бару мерзімі мен өткізу тәртібі сақталуда. 2020 жылдың 12 ай бойынша «Бозанбай орта мектебі» КММ-нің
37 мұғалімі курсқа барды.

2016 жылының наурыз айында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде мектептің педагог қызметкерлері аттестаттаудан өткізілді, соның ішінде 1 педагог бірінші санат, 2 педагог жоғарғы санатын растады, 2 педагог І санатты және 1 педагог ІІ санатын растады

2020 жылдың 12 айы бойынша мемлекеттік сатып алу – 61 .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген, 2015 жыл 31желтоқсандағы №1189 қаулысына сай мемлекеттік қызметтің жаңа Реестріне енгізілген өзгерістерге орай «Бозанбай орта мектебі» КММ бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мектеп қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында құқықтық оқылымдар мектепішілік жоспарға сай жүргізіледі.
«Бозанбай орта мектебі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар бойынша бұрыштар, «Сенім» телефондары мен «Сенім» жәшіктері орналастырылған. 2020 жылдың 12 айы бойынша «Сенім» жәшігі мен «Сенім»телефонына түскен өтініштер болған жоқ.
Педагогикалық қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта отырыстар өткізіледі.
Мектеп директоры 2015 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңде білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдың көкейтесті мәселелері» тақырыбы бойынша жалпы білім беретін ұйымдар басшыларына арнап өткізілген семинарға қатысып, сертификат алды.
Заңсыз ақша жинау және ауданның білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі әрекетін жою мақсатында заңсыз түрде ақша жинау фактілерін болдырмау бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізіледі.